Сопылық және фиқһ қатынасы
Сопылық және фиқһ қатынасы

   Фиқһ сөзінің шығуы. Фиқһ сөзі сөздікте түсіну, меңгеру, ұғыну мағыналарына келеді. Фиқһ сөзі білім, түсіну сияқты басқа ұғымдарға қарағанда өзгеше мағынаға келеді. Осы мағынаға келетін сөздерден Фиқһ сөзінің ерекшелігі бұл жердегі түсіну бет жағын ғана емес, терең ұғыну және айтушының мақсатын да қамтиды. [1:9-бет]. 

Шариғат (ар. «шариа» - түзу, дұрыс жол, заң, қағида, міндетті деп танылатын ұстаным) исламдық өмір салты туралы жалпы ілімді білдіреді. Ол – мұсылманның міндетті түрде қоғамда орындалуы тиіс ережелерінің кешені әрі олар негізінен Құран мен Суннада бекітілген дүниелерден тұрады. Осы ережелерде, ең алдымен, догматика сұрақтары және этика мәселелері, яғни мұсылманның сенімдері мен діни ар-ұятын анықтайтын дүниелер қарастырылады. Шариаттан іс-әрекет пен мінез-құлықтың нақты ережелерін шығарумен айналысатын пән фиқһ деп аталады. Ислам түсінігінде шариат пен фиқһ мәні жағынан негізінен тең ұғымдар болып бағаланады, сөйтіп, олар көп жағдайда синонимдер ретінде пайдаланылады. Мұсылман құқығының негізгі көздері ретінде Құран мен Сунна қарастырылады. [2:254-бет] 
Фиқһ сөзі Құран Кәрімде жиырма жерде түрлі қалыппен кездеседі. Жалпы «бір нәрсені жақсы және толық түсіну, ұғыну, бір нәрсенің ақиқатын білу және ой жүгірту» сияқты мағыналарда қолданылады. Хадистерде кездесетін Фықһ сөзі және туындысы, мутлақ (міндетті түрде, үзілді-кесілді) ретінде қолданылғанда сөздік мағынасы «жақсы, тура және тереңдей мағлұмат және ұғыну» дегенге келетіндігін көреміз. Фықһ сөзі «Өзінен әлдеқайда зерек адамға Фықһты түсіндірген өте көп адам бар» мағынасындағы хадистегі (Әбу Дәуіт, ілім, 10; Тирмизи, ілім, 7) түсінуге қатысты мағлұматпен қатар Құран мен сүннет мағлұматы мағынасын да қамтиды. Алайда көп тараған раи (көзқарас) және пәтуамен қатар Фықһтың «Кітап пен Сүннеттен шығарылған мағына және үкім» орнына ғылым, риуаят және хадисте «тікелей Кітап пен Сүннет» (аят пен хадис мағлұматы) баламасында қолданылғандығы белгілі болады. (Әбу Дәуіт, Фараиз, 1) 
Ислам Құқығында көп қолданылатын фақиһ, мутафаққиһ секілді сөздер осы түбірден тарайды. Мұнымен қатар Хз. Пайғамбармен сахаба дәуірінде Фиқһ бойынша қаза және раи сөздерінің көп қолданылғандығы, діни мәселелерде оны меңгерген кісілерге сауаттылық пен жаттау арасындағы жақын байланысына қатысты қурра деп аталғандығы, ғылыми жинақталу мен әдістеменің дамуымен қатар Фиқһтың бір ғылыми саласы болғандықтан қурра сөзінің орнын фақиһ және ғалым сөздерінің алмастырғандығын айта аламыз. Шектеулі мағынада Ислам құқығы ғылымының аты болған Фықһ, ауқымды мағынада ғибадаттармен қатар барлық шариғи-амали (іске асыру) үкімдерді қамтиды.Негізгі әдебиеттерден қажыр-қайратымен қол жеткізген діни мәліметтердің барлығына (адамның ақысы мен міндеттерінің мәліметіне) Фиқһ атының берілуі және осы мағынада Фиқһтың термин халіне келуіне байланысты мәліметтерге қажеттілік туындайды. [1:10 бет].
Тасаууф пен фиқһтың бір біріне байланысы. Тасаууф – адамға пайдасы мен зиянын, біліммен олардың айқын және жасырын жағын, адамға пайдасыз зиян әрекеттерден аулақ болуын білу. Ал фиқһ болса бізге қажетті сыртқы амали шарттарды дұрыс әрі нақты етіп орындауды талап етеді. Оларға : тахарат, намаз, ораза, қажылық және т.б. [3:74-б]. Тасаууф, жанды тазалау арқылы, Оның құзырына дайындайды, «мағрифат» тақырыбы болмыс тақырыбымен тығыз байланысты.Себебі, болмыс мағрифат аясында айқындалады. Адамның Алланы тануы өзінде бар құдайлық рух аясында жүзеге асады. Сондықтанда тасаууфты «батыни фиқһ», немесе «ішкі фиқһ» болмаса «фиқһтың өзегі» деп атайды. [4:77,78 беттер].
Еш күмәнсіз фиқһ ілімінің мақсаты, амалдың асып түсетіні, яғни Алла қасында ең ұнамды әрекет орындау,сенім жасау. Осы сияқты тамаша, бірақ, тек тасаууфтық ойланулардың жақсы жағы жанның толық жетілуін жүзеге асыра алатынынан, бұл екі ілімді бір-бірінің санын толықтыратынын айтуды қажет етеді.Сондықтан тасаууфтың түпкі мақсаттарының бірі, адамды діннің метафизикалық яғни, рухани ақиқаттарында жоғары шығарғанға дейін, оның бүкіл амал және мінез-құлықтарын мұратқа жеткізу. Демек, тасаууф пен фиқһ өзара тиімді және бір-біріне байланысты. Сопылықтың мақсаты тек қана рухани білім облысында адамзат танымының тереңдеуі ғана емес, сонымен қатар дінді практикалық тұрғыда ең керемет көркем бейнемен жасау. Бұл жайдың, фиқһ ғылымы арқылы, тек өнегелі жетілген жолмен жүзеге асыруға болады. Мәселен намаздың, тазалық және т.б заһири (сыртқы) шарттарының қалай орындалу керектігі, фиқһ ілімінің тақырыптарының бірі. Тіпті бұл ілімде, ниет сияқты ішкі бір шарттың маңызы түсіндіріледі. Сыртқы шарттарына құрмет көрсетуге болатын ғибадаттың қабыл болуы үшін, жүректің (қалб) сый және қызғаныш сияқты дерттерінен аман-есен болуы аса қажет болған халде фиқһ, бұл рухани кеңістікті ретке келтіру жағынан әлсіз. Ал бұл жағынан тасаууф болса, ғибадаттардың сыртқы (заһири) жағымен ішкі (батыни) мәнін жүзеге асырады. Өйткені фиқһ ілімін шариғаттық тұрғыдан алып қарағанда тек қана адам үшін қызмет етеді. Адамдардың шариғат тұрғысынан басты міндеті сыртқы ғибадат. Бірақ құлшылықты қабыл ету немесе қабыл етпеу тек қана құдірет иесі Аллаға ғана аян. Ол бәрін білуші, көруші және Оның құлынан күтетіні тек қана жүрек тазалығы.
Фақиһтар намаз, ораза, қажылық сияқты құлшылықтар мен некелесу, талақ жасау, сауда-саттық және қысас сияқты муамелетті зерттеу ақылы, алдын алып бағаласа, мутасаууфшылар бұлардың зуһд, тақуа және ықылас сияқты ішкі рухани қажеттіліктерімен бірге орындауға мән береді. Екеуі де Құран Кәрімдегі құлшылықтың рухани жағына көп мән беріп, құлды зуһд және тақуалыққа бағыттайды.
Тасаууф мамандарының фиқһқа маңыз бермеуі табиғи жағдай, және де бұл фиқһ іліміне айтарлықтай назар аудармау мағынасына келмейді. Керсінше сыртқы (заһири) ілімдерге көп мән берген: Балқис Ғазали, Ибн-и Араби, Мәулана Жалаладдин-и Руми, Имам Раббани және де Халид-и Бағдади сынды таңдаулы ғалым, фақиһ, мутасаууфшыларды айтсақ болады. 
Діннің сыртқы маңызын түсіне алмаған адамдар, фиқһ пен сопылық арасында айырмашылықтың барлығына өз көзқарастарын білдіріп, кейіннен осының салдарынан келіспеушіліктер туындап отырды. Бірақ, камил мутасаууфшылар мен нағыз фақиһтар арасында ешқандайда түсініспеушіліктер болмаған. Керсінше келіспеушіліктер, талас-тартыстар өзін ғалым (фақиһ) есептеген надандар мен өзін камил санаған сопылар арасында болды. [3:74,75 б]. Сонымен қорыта келе фиқһ пен сопылықтың бір-біріне байланысының маңызы зор, бірінсіз-бірін елестету өте қиын. Өйткені бұл ілімдер «Құранның» мән-мағынасын ашудағы және де іске асырудағы құрал екенін, бастауларын насс (Құран, Суннет (Хадис)) тардан алатынын байқау қиын емес. Демек исламдағы әрбір ғылымның тоғысқан жері Құран мен Сүннет екені хақ. Олардың бірін-бірі толықтыру арқылы ислами ілімдердің мәні тереңде екенін айқындалып отыр, және бұл тарихи шындық.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1).Ислам құқығы(фикх әдістемесі) Проф. Др. Исмайыл Чалышкан,Доц. Ахмет Йылдырым,Қазақ-Түрік Университеті Дінтану Бөлімі .Түркістан – 2011ж. 9-бет,10-бет
2).Дінтану негіздері - Алматы 2006жыл Аударғандар: Н.Ж.Бәйтенова (құрастырушы), Қ.А.Затов,А.Т.Құлсариева, А.Д.Құрманалиева. 254-бет
3).Имандан иһсана Тасаууф/ Осман Нури Топбаш /74бет/ 69 бет
4).Тасаввуф от имана к ихсану /Осман Нури Топбаш/ перевод с турецкого. М:ООО «Издательская группа» «Сад», 2008-448стр. Типаж-3000экз.77,78-беттер/71-бет

ЖАЛҒАС МҰХТАРҰЛЫЖАЛҒАС МҰХТАРҰЛЫ
2 жыл бұрын 719
0 пікір
Блог туралы