Исламды тек ғибадатпен мешіттің ішінде ғана деп түсіну дұрыс па?
Исламды тек ғибадатпен мешіттің ішінде ғана деп түсіну дұрыс па?

Исламды тек ғибадатпен мешіттің ішінен шығармай, шариғатты айтып оны орындамайтын бауырларымыз. Исламды тар мағынада ғана түсініп жүргенін білмейді, не болмаса білгісі келмейді. Ал шындығында Ислам діні тек құлшылық пен ғана шектел деген емес қой. Ол құлшылық өзің үшін ғана....
Дегенмен, қоғамда құлшылық пен адамдықтың арасында айырмашылық болу керек сияқты. Тек өмірімізді ғибадатпен ғана өткізу, өткізбеу басқа бір адамның проблемасына айналды. 
Ол өзінің ісімен көрсетпей жатып айқайға салып, өзінің білмегенін өзгелерге үйретумен санасына сіңірумен əлек. Дін кез келген адамға қатысты болғанмен. Оны ұстану, ұстанбау адамның өз еркіне байланысты ғой. "Дінде зорлық жоқ" деген Құранның аятын естен шығарады ма? 
Біз мұсылман болсақ, өзге мұсылман емес адамдар, адам емес деген түсінік қалыптаспағаны сияқты. Біз мұсылман емес дін өкілдеріне исламның кəміл дін екенін іс-əрекетпен оларға үлгі болып, исламға деген сүйіспеншілік арқылы дінді насихаттау емес пе?
Сол арқылы ақыл иесі болған инсан кәміл дінді қабылдауға ақыл өресі жетпей ма? 
Ал ғылымды адам ақылы арқылы меңгеріп соның нәтижесінде қазіргі қоғамға қажетті түрлі технологиялар сол адам үшін жасалып. Пайдасын адам көріп жатқан жоқ па? 
Сол əсіре діншіл бауырларымыз өз сөздеріне өздері қарсы шығып жататынын көріп жүрміз. Олар онда қазіргі ғылымдағы мұсылман еместердің ойлап тапқан технологиясын (ұялы телефон, компьютер т.б) пайдаланбасын. Неге?
Оларды пайғамбарымыз (с.а.у) не оның көзін көрген сахабалар пайдаланбады?
Сосын музыка, суретке түсу харам десе?
Бұл істер қай жағымен харам болады, оны ойлауға адамның ақылы жетпейді ме əлде? 
Музыка, сурет харам болса ол нендей мақсатта айтылды, салынды түсірілді.Қолданылған аспаптар қай мақсатта пайдаланылды? Мәселе осында шығар....
Дінді əрқайссымыз меншіктеп алу емес оны түсінуде деп білемін.

ЖАЛҒАС МҰХТАРҰЛЫЖАЛҒАС МҰХТАРҰЛЫ
2 года назад 378
0 комментариев
О блоге